Атырауда тұңғыш рет алма мен лимон шырынын өндіретін өнеркәсіп іске қосылды
Енді биылғы терілген алма жергілікті жерде өңделе бастады. Жаңашыл кәсіпкердің бастамасы ауылдық жерлерде үлкен қызығушылық туғызды. Жалпы мұнайлы өңір шаруалары өңдеу өнеркәсібін игере бастаған. Мемлекет қолдауына сүйенген ауыл азаматтары өздері өндірген ет-сүт, көкөніс пен алма-лимон өңдеуге бет бұрды. Осылайша, «Атырауда жасалған» деген маркалы өнімдер қатары көбейіп келеді.
Владимир Розметов, шаруашылық жетекшісі:
- Бұл – алма шырынын алуға арналған немістің технологиясы. Тәулігіне 2 тонна шырын аламыз. Бұрын алманы Ресейге экспорттап келдік. Енді өзіміз өңдейміз. Әзірге мұнда 7 адам жұмыс істейді. Өндіріс толық қуатына жеткенде қосымша тағы 12 адам аламыз. Ол кезде алма шырынын, лимонад, квас өндіреміз.