Әуе рейстері бойынша жедел желі іске қосылды
- Категория: Қоғам

Әуе компаниялары біртіндеп ішкі және халықаралық рейстерге ұшуды жалғастырып жатыр.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-ден бастап Атырау, Шымкент, Түркістан мен Дубай және Мәскеу бағыттарына қатынайтын рейстер жұмысы қайта жанданады. Қазір толыққанды ақпарат беретін арнайы жедел желі іске қосылды. Онда рейстердің мәртебесі, олардың шегерілуі және билеттерді қайтару жөнінде жолаушыларға кеңес беріледі. Call-орталық тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Желі «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында ұйымдастырылды. Айта кетейік, елордадағы халықаралық әуежай штаттық режімде жұмысын жалғастырып жатыр. Ал Алматы әуежайы бүгін сағат 21.00-ге дейін жұмыс істемейді.
Тегтер:
әуе рейстері,
Қазақстандағы ахуал,
Алматыдағы митинг,
рейстер,
әуежай,
ұшу,
наразылық 2022,
ахуал,