10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай Жарлыққа қол қойды. Елде тәртіпсіздіктердің басталғанына бүгін тура жеті күн. Осы уақытта лаңкестердің қолынан қарапайым қазақстандықтар да, құқық қорғау қызметкерлері де қаза тапты. Олардың нақты саны әлі белгісіз. Тәртіп бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылады. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 11-ші рет жарияланып отыр. Ал бұл қазақстандықтар үшін соңғы екі жылдағы төртінші қаралы күн.