Хабар телеарнасы

Елімізде кейбір қызмет түрлері интернетсіз жұмыс істейді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин қызметтердің тыңғылықты тексеріп барып, бірте-бірте іске қосылып жатқанын айтты. Осыған дейін оның әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында электронды қызметтерді қаскөйлер бұзып, өз мақсаттарында қолданбау тетіктеріне ерекше мән берілгені сөз болған. Қазірдің өзінде «Халық», «Хоумбанк» пен «Каспибанк» мобильді қосымшалары жұмыс істеп тұр. Бұған қоса 24.кз, бақ,кз, информ.кз ақпарататтық портталдары мен ақорда.кз сайты интернеттің жоқтығына қарамастан ашыла береді.