Ақтөбеде коменданттық сағат уақыты өзгерді
Бұл туралы облыстың коменданты хабарлады. Ал осы тәртіпті бұзушылардың қатары азаймай отыр. Тек өткен түннің өзінде 89 азамат полиция бөлімдеріне жеткізілсе, оның 32-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, қазір 3 адамға қатысты Қылмыстық кодекстің жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру бабы бойынша «қамауға алу», бұлтартпау шарасы қолданылған. Бүгінде өңірдегі жағдай тұрақты. Облыс аумағындағы 10 блок бекетте тәртіп сақшылары мен әскерилер күні-түні қызмет етіп жатыр.
Айдос Құлжанов, Облыстық Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:
- Осы блок бекеттерде облыс аумағынан немесе аудандардан шығып-кіріп жатқан автокөліктер және де олардың жолаушылары тексерілуде. Ақтөбе қаласы және облыс аумағында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатырмыз. Облыстағы жағдай полицияның толық бақылауында.