Алматыда балабақшалар әзірге жұмыс істемейді
Қала тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру штабының өкілдері, мегаполистің барлық мекемелері жіті бақылауда екенін айтты. Білім басқармасы балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ коменданттық сағаттың талаптарын орындауға кеңес береді. Еске салайық, бұған дейін мектеп оқушылары үшін қысқы демалыс мерзімі 17-ші қаңтарға дейін, ал студенттер үшін 24-ші қаңтарға дейін ұзартылған болатын.