Алматыда террорлық шабуылдан кейін Республика алаңы мен қалалық әкімдік маңы қоқыстан тазартыла бастады
Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарды тазартады. Кешеден бері аулалардан 950 тонна тұрмыстық қалдық, көшелерден 250 тонна қоқыс шығарылған. Жоспар бойынша қала ертең толықтай қалдықтан арылады. Құқық қорғау органдары да өз міндеттерін орындауды жалғастыруда.
Елдос Жалғабаев, қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы:
- Коммуналдық кәсіпорындар көше тазалаумен айналысып жатыр. 300-ден астам арнайы техника және 700-ге жуық адам көшені тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көше бойындағы қалдықтар кеше толықтай тазаланды.