Қостанай облысының Рудный қаласын қоқыс басып барады
Салдарынан қоқыс контейнерлерінің маңында аяқ басатын жер қалмайды. «Бұл мәселені шешу үшін тарифті көтеру керек», – дейді жергілікті билік өкілдері. Елімізде коммуналдық қызмет құнын көтеруге жарты жылдық мораторий енгізілгеніне қарамастан, кәсіпорындар тарифті 100 теңгеге өсіруге тиісті құжат жинаған.
Ерлан Әлмереков, Рудный қаласы ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Тарифті көтеру туралы жоба әлі қаралып жатыр. Дәл қазір бағаны өсіру өзекті мәселе. Себебі дизель отыны қымбаттады. Жұмысшылар кетіп жатыр. Одан қалды техника паркін жаңарту бар. Қазіргі тариф 2015 жылдан бері өзгерген жоқ.
Рахат Көшербаев, Рудный қаласының тұрғыны:
- Балалар далада ойнайды. Сол қоқыс шашылып, пакеттер жан-жаққа ұшады. Біз ақшасын төлеген соң, қоқысты үйде ұстап отыра алмаймыз ғой. Апарып тастаймыз.