Орталық референдум комиссиясы дауыс беру науқанына дайындықты пысықтауда
Олар Шымкенттегі төрт бірдей дауыс беру учаскесін аралап, қалалық комиссия мүшелерімен кездесу өткізді. Шаһарда 2705 дауыс беру учаскесі бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін 55 инватакси әзірленген. Кез келген азамат өз учаскесіне қатысты ақпаратты CALL-орталығынан біле алады.
Мұхтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:
- Сайлаушылардың тізімін тағы дұрыстап қарау керек. Комиссия жұмысын қарқынды істеп жатыр. Дайындық көрініп тұр.