«Amanat» партиясының мүшелері референдумның маңыздылығын түсіндіру үшін СҚО-ға келді
Бұл жолы солтүстікқазақстандық диқандарды саяси реформаға белсенді қатысуға шақырды. Алдымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өтті. Асхат Оралов өңірдің зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен жүздесті. Қатысушылар Ата Заңға түзетулер енгізуге қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
- Ата Заңымызда жер халықтың меншігі деп көрсетіледі. Бұл – өте маңызды қадам. Солтүстік Қазақстан облысында халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан 5 маусым күні өтетін референдумға облыс тұрғындары белсене қатысады деген ойдамыз.