Оқу жылы 2 аптаға ұзартылды
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады.
Сондай-ақ, биыл қазақ тілінде оқитын 1-сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана меңгереді. Балалар орыс тілін 2-сыныптан, ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқи бастайды. Министр мұғалімдер енді біліктілікті арттыру курстарынан үш жылда бір рет өтетінін айтты. Ал, аттестация мерзімі өзгермейді.