Қостанай облысындағы 7 мектепте жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған
Конкурстық шаралар өтпегендіктен, Амангелді ауданындағы Жаңаауыл орта мектебінде құрылыс кейінге қалды. Ал, Қарабалық пен Меңдіқарада мердігерлер жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтамаған. Мектепсіз қалған ауыл оқушылары қонақ үй, балабақша, дәмханада білім алуға мәжбүр. Барлық ғимарат оқу процесіне бейімделген. Бірақ асхананың санитарлық жағдайы сын көтермейді.
Алёна Мальгаева, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы:
-Мектепті мерзімінде қолданысқа бере алмаған мердігерлердің ісімен сот айналысады. Қазір оқу ордаларының басшылары оларға қатысты шағымдарын жолдады. Қалай дегенмен құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда болады.