Оралдықтар екі аптадан бері ыстық сусыз отыр
Алайда межелі уақытта ыстық су берілмеді. «Жайықжылуқуат» мекемесінің өкілдері кенеттен техникалық ақау болғанын айтады. Олар істен шыққан құрылғыларды қайта жөндеп, бүгіннен қалмай, қалыпты жұмыс кестесіне көшуді жоспарлап отыр. Ал газбен қамту компаниясына белшеден қарызға батуы салдарынан жылу-электр орталығының жұмысы тоқтады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Бекболат Камешов, «Жайықжылуқуат» АҚ Бас директорының орынбасары:
-Демалыс күндері жұмысшылар шығып, таңнан бастап жылу электр орталығын қосып, қалаға ыстық су бердік. Газ бойынша бережағымыз бүгінде – 178 млн теңге. Ол маусым, шілде айларына түскен ағымдағы қарыз болып табылады. Үлкен бережақтарымыз жоқ.