Қарағанды облысында 2 мыңнан астам жігіт Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр
Мәселені шешу үшін сала мамандары полициямен бірлесіп, рейд жүргізіп жатыр. Нәтижесінде 417 жігітті Қорғаныс істері жөніндегі департаментке жеткізген. Бұл бастама апта сайын жалғасын таппақ. Атап өту керек, күні кеше ҚР Қорғаныс министрі мен Білім және ғылым министрі әскери борышын өтеген азаматтарға 3000-нан астам грант бөлуге дайын екенін айтты.
Мұхтар Қайшатаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары:
-Апта сайын полициямен ақпарат алмасып отырамыз. Көптеген жігіттерді ата-анасы мен туыстары жасырып, олардың қайда екені туралы ақпарат беруден бас тартады. Сондықтан олармен бірге тұратын жақындарын да жауапкершілікке тартатын тетіктер қажет. Сондай-ақ қорғаныс бөлімінде тіркелгендер саны бір басқа, ал іс жүзінде тіпті басқа болып шығады.