Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Астана қаласының Байқоңыр аудандық №2-соты бүгін осындай үкім шығарды. Ол қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, яғни «Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікТік залал келтіру» мен «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша жауапқа тартылды.