БҰҰ миграция жөніндегі қызметі: соңғы бес жылда 47 мың босқын із-түзсіз жоғалған
Босқындардың заңсыз ағынымен күреске жалған құжат дайындаушылар үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұл тақырып Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 5 күндік семинарында талқыланды. Онда Түркия полициясының өкілдері мемлекеттік шекараларды заңсыз кесіп өтушілер қолданатын жалған құжаттарды анықтау тәжірибесімен бөлісті.
Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі хатшылығының атқарушы директоры:
-Бүгінгі біздің семинарымыз негізінен заңсыз миграцияға тосқауыл қою. Біздің полиция қыметкерлері, шекарашылар қолданылып жатқан құжаттардың қаншалықты дұрыс екенін тексерудің жақсы амалдарын көрсетіп отыр.