Көмірге онлайн тапсырыс артты
Онлайн қызмет смартфондағы банк қосымшасына да қолжетімді. «Әзірге сатылымда Шұбаркөл көмірі бар. Бір тоннасы 16 мың теңгеден басталады. Қаласаңыз қыстық отынды несиеге алуға да болады немесе 6 айға дейін бөліп төлеу қарастырылған. Жақында қосымша арқылы көмірдің өзге түрлері сатылымға шығарылады», — дейді облыстық энергетика басқармасының өкілдері. Биыл өңірде 465 мың тоннаға жуық қатты отын дайындау жоспарланған.
Мирас Омаров,энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
-Қосымшада көмір жеткізуші жалғыз фирма тіркелген. Әрине уақыт өте келе тұрғындарда бірнеше таңдау пайда болады. Қосымша арқылы сатып алынған көмір тек теміржол тұйығына жеткізіледі. Ал оны үйге дейін тасымалдайтын көлік қызметінің ақысы бөлек төленеді.