Маңғыстау облысындағы мұнай компанияға айыппұл салынды
Себебі өндірістік мекеме Жетібай ауылының іргесіне мұнай қалдықтарын төккен. Елді мекен тұрғындарының жанайқайын бұған дейін бірнеше рет эфирден көрсеттік. Нәтижесінде, экология департаменті Қарақия ауданы тұрғындарының арызы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген. Топырақтан сынама алып, қоршаған ортаға зақым келгенін анықтады.
Мақсат Айсин, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
-Жетібай ауылы тұрғындарының шағымына сәйкес прокуратура органымен бірлескен тексеру жасалды. Бұл жұмыстар Экология министрінің бақылауында болды. Нәтижесінде, қолданыстағы заң талаптарын өрескел бұзған «Void» серіктестігі 56 млн 359 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.