Хабар телеарнасы

Солтүстік жастары қала шетіндегі орманды қоқыстан тазартты

Республикалық экологиялық челленджге өңірдегі барлық колледж бен жоғары оқу орнынының студенттері қатысқан. Табиғат жанашырлары апта сайын бейсенбілік ұйымдастырып, су қоймалары маңы мен өзен жағалауын таза ұстауды жоспарлап отыр.

Алина Айбасова, қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы:
-Тазалық өзімізден басталады. Осы қағиданы ұстанған 140-тан астам жас аталған акцияға қатысып жатыр. Жиналған қоқысты біз қайта өңдеуге жіберетін боламыз. Мұнымен қоса, қала ішіндегі саябақтарды да тазартпақ ойымыз бар.