Алматыда MynBala House жобасы басталды
Еліміздегі тұңғыш қазақ тілді MYNBALA ТикТок-хаус жобасының авторлары алдарына осындай мақсат қойып отыр. Бүгін ұйымдастырушылар жобаны алматылық журналистерге таныстырды. Жоба мүшелігіне республиканың әр өңірінен 20 қыз-жігіт таңдап алынған. Өнерлі жастар енді білімдерін жетілдіріп, аудиториямен жұмыс істеуді үйренеді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинаған контент көп. Бірақ жастардың тәрбиесіне пайдалы, қазақ тілін дәріптейтіндері аз. MynBala House-тың командасы осы олқылықтың орнын толтырамыз дейді.
Абай Сейфулла, Mynbala House Тикток жобасының продюсері:
-Шығармашыл жастарды қолдап, олардың потенциалын өсіріп, өз мүмкіндіктерін осы желілер арқылы көрсете білуге мүмкіндік жасау. Екіншіден, қазақтың дәстүрлерін, қазақтың тілін насихаттау, қазақ тіліндегі мазмұнды-ағартушылық контенттердің ТикТокта көбірек болуына жағдай жасау.