Үлкендегі АЭС қашан салынады?
Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың отырысында айтылды. «Үлкен ауылы станция салуға қолайлы», — дейді мамандар. Себебі мұнда Балқаш жылу электр станциясының іске асырылмаған жобасының дайын алаңы бар. Онда су жүйесі мен электр желісі тартылған. Бүгін ұсынылған 6 жобаның 4-і таңдалды. Екі блокты атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Әрқайсының қуаттылығы шамамен 1400 мегаватт. Реакторларды салуға үміткерлер ретінде Ресей, Қытай, Франция және Корея елдерінің алпауыт компаниялары таңдалған. Қазір АЭС-тің техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Ол келесі жылы қабылданса, жобаны іске асыру мерзімі шамамен он жыл.
Дәулет Жарасбаев, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы:
-Ол бізге кәдімгідей инвестиция Алматы облысымызға кіретін. Содан ол іске қосылғаннан кейін ай сайын төлететін салықтары өте көп. Бізге тұрақты Алматы облысымызға түсетін қаражат бір бар. Содан кейін республика деңгейіне кететін де салықтары бар.