Ақтөбе облысында экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар қарқын алмақ
Атап айтқанда, №1 және 2 цехтарда модернизация жүргізіп, газ тазарту қондырғылары орнатылады. Ал қайта өңдеу электр станциясын салу арқылы №4 балқыту цехының форроқорытпа газы толықтай кәдеге жаратылмақ. Сондай-ақ зауыт айналасындағы санитарлық аумақта 100 мың көшет отырғызу бар.
Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
- Ең үлкен маңызды келісімнің бірі шығарып жатқан хромның толықтай өңдеу. Соны Ақтөбе облысындағы осындай дүниенің бәрін терең өңдеуге жеткізу. Бұл елдің экономикасы. Қосымша жұмыс орындары. Сондықтан соған бүгін шешім қабылдап қол қойдық.
Еуразиялық топ құрамына кіретін компанияның облыста бірнеше кәсіпорны бар. Ал экологиялық жағдайды жақсарту ERG – дің де басты міндеті. Тек Ақтөбе өңірімен бекіген келісімді іске асыру үшін жалпы құны 85 млрд теңге болатын жобалар жүзеге аспақ. Барлығы да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде атқарылады.
Серік Шахажанов, «Еуразиялық топ» ЖШС басқармасының төрағасы:
- Осы жұмыстардың нәтижесінде, Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарымыз қатты қалдықтарды шығаруда ең үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін болады. Осыған ұқсас жобаларымыздың біразы осы өңірден бастау алған болатын. Алда жел электр станциясын салу, өндірістен шыққан қалдықтарды қайта өңдейтін фабриканы іске қосу жоспарымыз бар. Олар 2024 жылы жүзеге асады. Жалпылай алғанда, ERG бұл мәселеге зор көңіл бөледі.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай бастама өңірдегі өзге де өнідіріс орындарына үлгі болмақ.
Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев