Жамбыл облысында 700 мыңға жуық азамат дауыс берді
Мерей Бает, тілші:
- Жамбыл облысында елді мекен тұрғындары президент сайлауына белсенді қатысты. Аса ауылындағы №166 сайлау учаскесінде 2800 тұрғын тіркелген болса, оның 90% астамы дауыс берді. Өз таңдауын жасаған 8 мың сайлаушының жасы 80-нен асқан. Айта кетерлігі, облыстағы ең егде жастағы кейуана осы ауылда тұрады. 112 жастағы Күлбарам Сүгірова ел болашағына бей-жай қарамайтындардың бірі. Бұл жолы жылжымалы сайлау жәшігімен үйінде дауыс берді. Сонымен қатар отасқанына 55 жыл болған 77 жастағы Рақымбек Жапаров та серігімен келді.
Рақымбек Жапаров, Аса ауылының тұрғыны:
- Мына жастардың келешегі үшін, еліміздің келешегі үшін, хылқымыздың келешегі үшін мына жаңарған Қазақстанды, жаңа Қазақстанға жаңа президент мына болашаққа бастайтын. Жақсы экономикамызды көтеріп халқымыздың жағдайын жасайтын лайықты кандидатқа дауыс беру үшін келдік.
Мерей Бает, тілші:
- Облыстағы сайлау учаскелеріне жастардың көп келіп жатқанын айта кету керек. Облыс бойынша 10 мың аса тұрғын алғаш рет қатысты. Солардың қатарында егіздер Нұрбол мен Ербол да бар. Өнерлі жастар бос уақытында той басқырып, мерекелік шараларды жүргізде. Екеуі де – студент, болашақ ІТ – мамандары. Олар ағалы-інілі болғанымен әрқайсысы өзі шешім қабылдап, таңдауын жасады.
Бауыржан Көшербаев, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі 249 сайлау комиссиясы жұмыстарын таңғы сағат 7 ден бастады. Аудан бойынша 35 учаскеде 51 839 сайлаушы тіркелген сайлаушылар тізіміне 35 сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ.
Мерей Бает, тілші:
- Жамбыл облысында 716 мың сайлаушы тіркелген. Жалпы 493 сайлау учаскесі болса, оның 21-і жабық учаскелер. Ал ондағы заңдылықтың сақталуын, мың жарымға жуық жергілікті және халықаралық байқаушылар бақылады. Қазір бюлетеньдер саналып жатыр.
Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә