Құрылыс саласындағы құжат екі есеге азаяды
Қазір Қазақстанда 4 мыңға жуық нормативтік құжат бар. Алдағы уақытта соның тек бір мыңы ғана қалады. Бұл туралы Астанада өткен ТМД елдері құрылысшыларының конференциясында айтылды. Мамандардың болжауынша, өзгерістер талаптар санын қысқартып жобалаушы мен мердігерлердің тиісті рұқсатты дер кезінде алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ рәсімдеу жұмыстары цифрлық үлгіге көшеді. Тіпті арнайы портал құру қажеттігі айтылып жатыр. Яғни делдалсыз тауар сатып алуға, материал мен қызмет құнын анықтауға мүмкіндік туады. Бәсеке артады.
Талғат Ерғалиев, Құрылысшылар одағының төрағасы:
- Ашық болғаннан кейін ол әрине көп мәселелерді жояды. Жемқорлық мәселелерін жояды. Жұмыстарымыз тиімді болады. Үлкен деңгейге көтеріледі. Қателіктер аз болады, сапа көтеріледі. Парталды құрып соны қолдансақ.