Құсбегілік Федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кірді
Қазір елімізде 200-ге жуық бүркітші бар. Енді олардың саны 2 есе артпақ. Себебі 2024 жылы «Дүние жүзілік көшпенділер аясында» ұйымдастырылатын құсбегіліктен әлем чемпионатыны болады. Шараға бізден тағы 300 қыран бапталып, жас бүркітшілер де бақ сынайды. Естеріңізге сала кетейік, осы апта соңында Қонаев қаласында қырандар арасында жарыс өтеді.
Берік Уәли, «Құсбегілік» федерациясының президенті:
- Меморандум жалпы 11 баптан тұрады. Әр бап бойынша Ұлттық спорт қауымдастығымен бірлесіп, "Құсбегілік" федерациясы тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайын.