Хабар телеарнасы

Екібастұзға елордадан гуманитарлық көмек жіберілді

Қайырымды істі «AMANAT» партиясы қолға алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрдем мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта да жылу жиналып, Екібастұзға жіберіліп отырады. Бұдан бөлек, Павлодар облысында жылу қазандығындағы апаттан зардап шеккен жергілікті халыққа жан-жақты қол ұшын созатын волонтер жастар да жұмыс істеп жатыр.

Берік Жәкенов, партия филиалының атқарушы хатшысы: 
- Партияластар, әсіресе, бастауыш партия ұйымдары және депутаттар, көмек беріп, қол ұшын созуда. Партияның елордалық филиалының барлық гуманитарлық көмегі жиналып, Екібастұзға жіберілетін болады. Әсіресе, жылы киім қазіргі уақытта. Жылытқыш құралдар ол керек шаруа болғаннан кейін біз оны бірінші партия қылып жіберіп жатырмыз.