Предгорное халқы 5 жылдан бері ауызсуға жарымай отыр
Аязды күні су қатып қалмау үшін олар қыс бойы жұмыс істеп тұрады. Сол себепті тұрғындар сумен қоса оны өндіруге кететін электр қуатына да ақша төлеуге мәжбүр. Ал оны жергілікті халықтың қалтасы көтере бермейді. Ауызсу мұнарасы құлағаннан кейін коммуналдық тарифтер де күрт өсіп кеткен. Жергілікті билік күн жылынған соң, елді мекендегі үйлердің бір бөлігі басқа су мұнарасына қосылатынын айтты. Сонда ауызсу бағасы екі есеге дейін арзандамақ.
Гүлнұр Шарифуллина, ауыл тұрғыны:
- Прокурор бізге мұның заңсыз екенін айтты. Монополияға қарсы күрес комитететіндегілер қайда қарап отыр?! Бұл дұрыс емес қой!
Мәдина Ахатова, ауылдық округ әкімі:
- Ауызсу бағасын арзандатудың тағы бір жолы – құбыр тартып, үйлерді өзге су мұнарасына қосу. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Алдағы жылы бұл мәселе шешіледі.