Хакатон жеңімпаздары марапатталды
Жүлде қоры 10 млн теңге. Ал сайысқа 160-тан астам жоба келіп түскен. Ақтық сынға 10 топ жолдама алады. Форум қорытындысы бойынша саладағы үздік цифрлық шешімдер үшін 3 команда жеңісті бөлісті. Олар форумда қосалқы бөлшектердің минималды-максималды деңгейін есептеу жүйесін, «ақылды» ақпараттық тақталар арқылы жолдар мен көліктерді талдау жүйелерін жасаған. Айта кетейік, бұл хакатон мұнай компаниясында алғаш рет өткізіліп отыр. Тиісінше ұйымдастырушылар жобаны жыл сайынғы дәстүрге айналдырамыз дейді.
Ұлан Бүркітов, компанияның бөлім басшысы:
- Қазақстан ең прогрессивті елдердің қатарында цифрландыру және цифрлық инновация жолында қадам жасап келеді. Бүгінгі ұтқан командалар қауіпсіздік саласында және бизнес процесстерді нығайту саласында көмектеседі деп ойлаймын. Басқа да командаларға осымен тоқтамай әрі қарай жұмыс істей берсін деген тілегім бар.