Таразда сұйытылған газ тапшы
Енді бірі әр көлікке шектеу қойып, мың жарым теңгеге ғана құюда. Шаһарда газ жетіспеушілігі 1 ай бұрын басталған. Мәселе соңғы 4 тәулікте өршіп кетті. Облыстық энергетика басқармасы сұйылтылған көгілдір отынды Ақтөбенің бір компаниясы жеткізетінін мәлімдеді. Тасымал кешіккендіктен, келеңсіздікке тап болдық, — дейді. Жауаптылар автогаз мәселесін 2 апта ішінде шешеді. Жалпы облысқа осы айда 5 мың тонна сұйылтылған газ бөлінген.
Қыдырбай Сағидулла, қала тұрғыны:
- Бүкіл қалада газ жоқ. Бір сағаттан бері айналып, осы жерге келдік. Осы жерде бар екен әйтеуір, Құдайға шүкір. Қанша күн болды. Жылда осы ғой жылда. Былтыр да осындай уақытта өстіді да ақырын бағасын көтерді. Сол жағдайға әкелмесе болды.
Мәулен Қожақов, Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
- Бізге вагон цистерналар 10-14 күнде келіп жатыр. Сол мерзімді қысқарту бойынша әрбір мекемеге келісімшарт аясындағы бөлінген вагондарды қадағалап. Бізге Тараз қаласына жылдамдатып, мерзімді қысқартып, қысқа мерзімде жөнелту бойынша бірлесіп жұмыстар атқарудамыз.