Петропавлда тағы да су құбыры жарылды
Салдарынан осы маңда орналасқан теміржол учаскесі мен қойма және бірнеше үйдің ауласын су басып қалды. Коммуналдық апаттың салдарынан жол сақшылары қалаға кіре беріс жолды жабуға мәжбүр болған. Қақаған аязда оқиға орнында коммуналдық қызметшілер мен өрт сөндірушілер су сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарынан бірнеше ауданының тұрғындары тіршілік нәрінсіз қалды. Оларға су арнайы көлікпен жеткізілуде. Айта кету қажет, бұл соңғы бір айдағы үшінші апат.
Андрей Чернов, қала тұрғыны:
-Түнгі сағат төрт кезінде көршім хабарласып оятты. Қарасам ауламен гараж суға толып қалыпты. Ол жерде азын-аулақ сақтап қойған азық-түлігім бар еді. Үйдің іргетасы да су басып қалыпты. Ертең бүлініп қалмаса болды.
Арман Сауытов, Сумен қамту кәсіпорнының атқарушы директоры:
-Бұл учаскеде жаңғырту жұмыстары 2009 жылы жүргізілген. Яғни екі құбыр жалғанған жерінен ажырап кеткендігі белгілі болды. Мағжан Жұмабаев көшесіндегі магистарльды да бір фирма жөндеген. Бірақ ол кәсіпорын қазір жоқ. Сондықтан барлық шығынды өз мойнымызға алып отырмыз.