Петропавлда көктемгі тасқыннан кейін 1000-ға жуық үй зарарсыздандырылды
Бұл жұмыс үш кезеңнен тұрады. Әуелі су басқан аумақта жұқпалы аурулардың таралуына жол бермес үшін дезинфекция жүргізіледі. Сосын жәндіктер мен құрт-құмырысқаны жою қолға алынбақ. Естеріңізге салайық, облыс орталығында екі мыңнан аса үй су астында қалған болатын. Есіл өзені тартылғаннан кейін қала қоқыстан тазартылып, көшелер қалпына келтірілді.
Әсем Айтұлова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
-Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Толық қаланы дезинфекциялағанға дейін осы жұмыстардың барлығы жалғасатын болады. Су тасқынынан аудандарынан бөлек бізде мынау саябақтарды, парктерді, кісілер көп жүретін жерлерді дезинфекциялау бойынша жұмыстар да жасалуда.