Ақтөбеде «Еңбегі жанған арулар» атты халықаралық форум өтті
Ал жеке істі жаңа бастаған әйелдер қауымы үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, тәжірибелі кәсіпкерлер ақыл-кеңестерін берді. Бір-бірімен ынтымақтастық орнатуды көздеген іскер топтар арасында да келісімдерге қол қойылды.
Биыл ғана жоғарғы оқу орнын тәмамдап, жеке іс бастаған Нұргүл Елеусізова болашақта талай белестерді бағындырмақ ойда. Сондықтан халықаралық форумға шақырту алғанда қуанышында шек болмапты. Шара барысында өткен шеберлік сағатында әсемдік салон ісін дөңлелетіп отырған танымал мамандармен танысып, бизнесті дамытудың қыр-сырын үйренген. Енді өз ісіне де тың жаңашылдық енгізбек.
Нұргүл Елеусізова, Хромтау қаласының тұрғыны:
-Болашақта өзімнің салонымды ашып, сонда Қазақстанда атақты визажист болғым келеді. Мұндай тренингтер ең біріншіден, өзімді дамыту, байланыс жасау, сонымен қатар тәжірибе алу және де мотивация береді ең бастысы алдыға қарай дамуға.
Бүгінде облыс бойынша кәсіппен айналысып отырған 40 мыңнан астам әйел бар. Бұл өңірдегі іскер азаматтардың жартысы. Ал бизнес бастауға ниетті жандардың қатары әлі де көп. Бала тәрбиелей отырып, қолынан келетін нан пісіру, киім тігу, медициналық қызмет түрлерін көрсетуді қалайтындар да өз өтініштерін білдірген.
Ералы Тоғжанов, облыс әкімі:
-Көп балалы аналар, ерекше туған балалары бар көптеген бізде аналар бар. Олардың бәрін үй жағдайында отырып, табыс табудың көздерін ойластыру керек. Сондықтан осыған қазір бүкіл аудандар, ауылдардан келіп осы тәжірибені қазір алмасып жатыр. Оның бәрі болашақта өздеріне де керек, өмірлеріне де керек, бала-шағаларына керек қой деп ойлаймыз.
Форум барысында облыстық іскер әйелдер қауымдастығы Түркия және Өзбекстан елдерінде жұмыс істейтін бірнеше компания ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев