Ақтөбе облысында оқушылар мінген көліктің жүргізушісі қамауға алынды
Полицейлердің айтуынша балаларды тасымалдау ережесі өрескел бұзылған. Спорт мектебі тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті шаралар жасалмапты. Атап айтқанда, жасөспірімдер мінген көлікке жол бастап жүретін полиция жасағына өтініш берілмеген. Сапарды ұйымдастырған жауапты тұлғалар арнайы жабдықталған автобусты да алдырмаған. Қазір бұл дерекке қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 21 жастағы көлік жүргізуші қамауға алынды. Ал жол апатынан ауыр жарақат алып, реанимацияға жатқызылған 5 жеткіншектің 3-і ғана есін жиған. Қалған екеуі әлі комада.
Ғалым Байжанов, облыстық ПД бастығының орынбасары:
-Сараптама жүргізушінің мас емес екендігін көрсетті. Бірақ шаршап келе жатып, қалғып кеткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші жылдамдықты асырып, көлікті басқара алмай жолдың жиегіне аударылып кеткен. Сондай-ақ көлікте жолаушылар да көп болған.