Ақтауда бір топ тұрғын қала әкіміне бейнеүндеу арқылы шағымданды
Бұған дейін бірнеше рет шатырдың темір бөлшектері жерге құлаған. Жиналғандар жағдайды біле тұра шара қолданбай отырған пәтер иелері кооперативіне наразы. «2018 жылы әкімдіктен осы мәселені шешуге қаржы бөлінді. Алайда әлі күнге дейін жөндеу болмаған. Бюджет ақшасы қайда кеткені белгісіз», — дейді жұрт. Тағы бір мәселе – жаз айлары жоғары қабаттағылар ауыз сусыз отырады. Себебі қысымы төмен. Кооператив төрағасы болса, баспана шатырын жөндеуге инвестор қаражаты бөлінгенін айтады. Құрылыс жұмыстарына мүлдем араласпадым дейді.