Шымкентте «Көк» каналының құрылысы қайта тоқтады
Еске салып өтейін, құрылысқа бюджеттен 370 млн теңге қаржы қаралған. Өткен жылы құрылысы басталып, биыл мамыр айында тапсырылуы тиіс еді. Алайда жөнделуі керек 14 шақырымның тек жартысы ғана жаңартылған. Салдарынан 160-қа тарта шаруа ала жаздай егіс алқабына су жеткізе алмай, шығынға батты. Жауапсыз мердігерге 21 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ оны мемлекеттік сатып алу порталында жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арыз жолдаған. Ал кәсіпкер бәріне құрылыс материалдарының үш есе қымбаттап кетуі себеп дейді.
Мақсат Әбдіқадіров, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Жалпы сот шешіміне байланысты мердігер мекеме әрі қарай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалдырылатын болса, ол әрі қарай мердігер мекеменің айтуынша, сәуір айына дейін толық тапсырамыз деп отыр. Ал егер сот шешімі оны «жосықсыз» деп танып, әрі қарай жұмыс жүргізілмейтін болса, жаңадан мердігер мекеме тауып, тез арада суару маусымына дейін толық аяқтауға шара қолданылады.