Түркістанда журналистер форумы өтті
Бұл Түркістанда өткен журналистер форумына қатысушылардың пікірі. Жиналғандар өңірдегі ақпарат саласына қатысты мәселелерді ортаға салды. Аудандық газет пен жергілікті арналардың тілшілеріне, баспасөз хатшылары мен студент жастарға ақпаратты дұрыс әрі жедел тарату бойынша семинар-тренингтер өтті. Аймақтық журналистердің деңгейін көтеру, моральдық талаптарды жиі бұзатын блогерлермен қалай күресуге болады деген сауалдар жан-жақты талқыланды.
Қайнар Олжай, публицист, жазушы:
- Әр адамның өзінің ішінде редактор болуы керек. Әр адамның өзінің аттамайтын табалдырығы болуы керек. Демек біреуді даттау үшін, қызметтен кетіру үшін қаскөйлікпен жазуға болмайды. Бұларда адамның арына, өзінің азаматтық ұятына сын дүние. Осы жағына мән беру керек. Заңдық тұрғыда парламентте қазір журналистер отыр. Сол журналистер өздері реттеп, қарай жатады ғой деп ойлаймын.