Талдықорғандағы журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді
Айтулы шара Мемлекет басшысының Жетісу облысына келгенде жүктеген тапсырмасы негізінде жүзеге асты. Естеріңізге сала кетейік, 11 мың шаршы метрлік ғимаратты салуға марқұм Бейсен Абайұлының өзі ұйытқы болған еді. Нысан пайдалануға берілгенде өзі де еңбек етіп, аймақта журналистика мектебін қалыптастырды. Қазір бесқабатты мекемені республикалық және облыстық арна қызметкерлері және мерзімді басылымдардың шығармашылық ұжымы пайдаланып, игілігін көріп отыр.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Елдің сүйіспеншілігіне бөленген тұлға ретінде осы журналистер үйіне есімі берілуі, барша Қазақстан, Жетісу облысы ғана батыс, шығыстағы ақпарат кеңістігіндегі жанкүйерлердің үлкен олжасы, қуанышы. Сондықтан құтты қайырлы болсын!