Қарағанды облысының тұрғындары шаң-тозанға тұншығып отыр
Қазір елді мекенде 2 мыңнан астам адам тұрады. Осыдан 6 жыл бұрын мұнда көмір байытатын жаңа кәсіпорын ашылған. Соңғы екі жылда экология талаптары сақталмай келеді, - дейді тұрғындар. Тұрғындардың шағымынан соң экология департаменті тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап, айыппұл салған. Енді қаңтар айының басында тағы бір тексеріс жүреді. Егер оған дейін кемшіліктер жойылмаса, кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы сотқа арыз түседі.
Нұргүл Салқынбекова, Куряновск елді мекенінің тұрғыны:
- Үйге сабақтан кейін ұлым келеді. Бетін жуады. Сол кезде кәдімгідей күйе болып тұрады. Бұндай бізде екі жылдан бері ғана пайда болып жатыр. Оның алдында ондай болмаған.
Дархан Есжанов, Экология департаментінің басшысы:
- Олар ауаны ластамау іс-шараларын атқару керек еді. Яғни шаңды басу іс-әрекеттерін атқару керек еді. Бірақ іс жүзінде ол атқарылмаған. Сондықтан да олар әкімшілік айыппұлға тартылды. Сонымен қатар 31 желтоқсанға дейін заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.