Шымкентте 1,5 жуық кәсіпкер салықтан жалтарған
Алайда кәсіпкерлер палатасы әкімшілік жазаға тартылған 242 бизнес нысанына айыппұл заңсыз салынған деп есептейді. Кәсіпкерлер де сот арқылы өз әрекеттерінің дұрыстығын дәлелдеп шыққан. Кәсіпкерлер палатасы осындай шағым иелерінің мәселесін қала прокуратурасына жеткізді. Енді салық мекемесіне құқықтық баға берілуі тиіс.
Майя Исаева, қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
- Жағдай күн сайын ауқымдылыққа ие болып отыр. Шиеленісуде. Құқықтарды қорғау шеңберінде палатаның бизнес омбудсмені, кәсіпкерлер құқықтары жөніндегі уәкілі Жұрсынов Рустамға орталық шеңберде көмек көрсету туралы хат жолданған болатын. Сонымен қатар барлық келіп түскен арыздар қала прокуратурасына жолданған.