Елде «Жолаушылар тасымалы» пойыздары кешігіп жатыр
Діттеген жеріне уақытында жете аламағандар Астана вокзалында, көбеймесе азаяр емес. «Алматы–Орал», «Қызылорда–Көкшетау» бағытындағы жолаушылар пойызы 2 сағатқа дейін кешігіп келіп жатыр. «Мұның себебін жауапты мекеме өкілдері алдымен ауа-райының өзгеруімен байланысты», — дейді. Тағы бір себеп, күні кеше «Қарағанды-Ағадыр» учаскесінде болған төтенше жағдай да жығылғанға жұдырық болған көрінеді. Салдарынан Қарағанды бағытындағы барлық пойыздар сағаттап кешігуге мәжбүр. Пойыздардың келу уақытының өзгеруі туралы жолаушыларға «SMS-хабарлама» жіберу де қолға алынған.
Мәди Мұхамедқали, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:
-Бізде жолаушылар тасымалының пойыздарының кешігіп жатқан жағдайлары бар. Ол дегеніміз тек жүк тасымалының релстен шығып кетуіне ғана емес сонымен қатар ауа-райының қолайсыздығына байланысты. Оның үстіне қазір жолаушылар тасымалының қозғалысының кестесіне яғни жүру жылдамдығын біраз кеміткен болатын.