«Қазтеміртранс» АҚ лауазымды тұлғалары ұсталды
Сонымен қатар жүк тасымалдайтын вагондарының тапшылығын қолдан жасады деген айып та бар. Ақпараттта өңірлік филиалдардың қызметкерлері, басшылары, бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары да пара алу схемасына қатысқан, күдіктілер қаражатты лауазымды адамдардың шоттарына аударған делінген. Мәселен, Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жұмсаған. Қарағандыдағы бұрынғы және қазіргі басшылары қылмыстық іске барды деген күдікке ілінді. Қазір тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды.