Алматыда гастроэнтеролог Шумковтың өліміне қатысты сот ісі жалғасып жатыр
Алайда сотталушыны тергеу изоляторында тексерген дәрігерлер, оны сот залына жеткізуге болатынын растады. Отырыс қылмыстық іс материалдарымен танысуға арналды. Процесске қатысушыларға құқық бұзушы оқиға орнынан мініп кеткен көлікті тексерген бейнежазба көрсетілді. Көліктің жүк салғышында қылмыс қаруы – «Иж-18» аңшы мылтығы, сонымен қатар асхана пышағы болған. Мұның бәрі айыпталушыны қамауға алу кезінде тәркіленді. Зардап шеккен тараптың адвокаты Татьяна Иванова Юрий Шумковқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенде, бірінші оқтан кейін аман қалуы мүмкін екенін алға тартты. Сондай-ақ ол айыпталушының берген айғақтары бір-біріне сәйкес келмейтініне соттың назарын аударды.
Татьяна Иванова, адвокат:
- Сотталушының сот отырысында айтқан айғақтарын еске түсірсек, оқ атпас бұрын екеуара біржақты әңгіме болған ол сөйлесу керек екенін айтқан. Артынша бір заттың сұлбасын көрген соң, оқ атады. Дегенмен оның бастапқы айғақтары кейінгісімен сәйкес келмейді. Сотталушы Юрий Петровичпен сөйлеспеген, ол бірден оқ атқан. Қорыта айтқанда бұл оның бастапқыда өлтіру ниеті болғанын көрсетеді және оны жүзеге асырды.