Мақсат Қожабаев жемқорлық бойынша күдікпен ұсталды
Мақсат Қожабаев жемқорлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің соталды тергеуі кезінде анықталды. Қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр. Айта кетейік, Мақсат Қожабаев 2021 жылы шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын. Оған дейін Қожабаев Шымкент қаласының прокуроры болған және әр жылдары бірнеше облыстарда құқық қорғау органдарында қызмет атқарған.