Тараздықтар 10 күннен бері байланыссыз қалды
Бұл жағдайды №59 түзету мекемесіне орнатылған бұғаттау құрылғысымен байланыстырады. Сондықтан көпшілік түрмені көшіруді талап етуде. Желілік байланыстың болмауы оқушыларға да қиын. Мұғалімдер электронды журнал толтыра алмай, балалар үй тапсырмасын орындай алмай әлек. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары мұндай қондырғылар Президенттің тапсырмасынан соң, еліміздің барлық түзеу мекемелеріне орнатыла бастағанын айтады. Дегенмен түрме басшылығы мәселені жұртпен кеңесе отырып, екі аптада шешуге уәде берді. Ал шаһардағы 5 түзету мекемесі де қала ішінде орналасқан.
Әлия Мырзахметова, қала тұрғыны:
-10 күн болды байланыс жоқ. Ешкіммен хабарласа алмаймыз. Балалар сабақ оқи алмайды. Түнде қайтқанда қараңғы. Байланыс ұстамайды ылғи да, дәрігер шақыра алмаймыз.
Еркін Нұрбаев, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:
-Қылмыстық атқару жүйесі коддексіне сәйкес, жер коддексіне сәйкес әр мекеменің айналасы 50 метр жерде ешқандай құрылыс нысандары соғылмау керек. Ол кезінде енді берілген жерлер ғой, ол жағын енді біздің құзырымызда емес. Біздің басты мақсат ол іштегі ахуалды тұрақты ұстау боп табылады. Түрме келешекте көшіріле ме? Жоқ көшірілмейді келешекте. Ондай қазір жоспарланып жатқан жоқ.