Хабар телеарнасы

ШҚО-да қолайсыз ауа райы тұрғындарды әбігерге салды

Кеше олар жол талғамайтын көлікпен Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Аршалы қыстауындағы науқасқа дәрігерлерді шұғыл жеткізген. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң аудандық ауруханаға жатқызылды. Айта кетейік, құтқарушылар соңғы он күнде өңірдегі 100-ге жуық адамның қар құрсауынан шығуына жәрдемдескен. 

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД бас маманы: 
- Зайсан ауданындағы қыстақтардың бірінде ер адам қатты науқастанып қалған. Ол жерге дәрігерлер өз көлігімен жете алмайтын болғандықтан біздің қызметкерлерге жүгінуге тура келді. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жол талғамайтын кунг көлігімен науқасты қауіпсіз жерге жеткізді.