Хабар телеарнасы

Ауызсу мәселесі: Алексеевкалықтар тіршілік нәрінен тарығып отыр

Алайда құрылыс аяқсыз қалды. Оған республикалық қазынадан 360 млн теңге бөлінген. Әкімдік жауапсыз компанияны сотқа берді. «Енді соның шешімін күтуден басқа амал жоқ», — дейді. Қазіргі таңда ауылда 200-ге жуық түтін бар. Тіршілік нәрі жергілікті тұрғындарға белгіленген уақытта ғана беріледі. Ал соңғы айда кей үйлерге су мүлдем жоқ. Олар ауыз суды көршісінен алса, күнделікті тұрмысына қар суын ерітіп пайдалануға мәжбүр. Қазіргі таңда орталықтандырылған жаңа құбырға тек 15 үй қосылған. 

Азамат Сатыбалдинов, ауыл тұрыны:
-Орталықтандырылған суға осы 15 үй де заңсыз қосылып отыр. Себебі құрылыс әлі аяқталған жоқ. Ал ол үйлерде су мүлдем болмағасын қосып берді. Енді мердігерлер осы айдың онына дейін есептегіш пен генераторды әкеліп орнатуы тиіс еді. Ол да жоқ. 
 
Рүстем Жұмабеков, Зеренді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:
-Жұмыс толығымен осы жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған. Жобалық-сметалық құжатта кеткен қателіктерге тиісті компания кінәлі. Біз мердігерлерді сотқа бердік. Соттың шешімі шыққасын жұмыс жалғасады деген сенімдемін.