Жетісайды қар басып қалды
Қаңтардың басында ұшқындаған қар, өткен аптада Жетісай ауданын басып қалды. Тіпті кейбір ауылдарда оның қалыңдығы 30 см дейін жетті. Бұл аудандағы коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің жұмысын қиындатып жіберді. Олар әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерді қардан тазалап үлгермей жатыр. Осыны байқаған Сайлау ауылының жігіттері асар жасап, ауылішілік жолдарды қардан тазартып жатыр. Ауыл кәсіпкерлері болса, техникаларын тегін беріп, жанар-жағармаймен қамтамасыз еткен.
Сәрсенбай Айтбаев, Сайлау ауылының тұрғыны:
- 150 баладай ауылымыздан шықты. Оның 70-80 ауылды тазаласа, қалғаны мына жолға шықтық тазалауға. Биыл қыстың қатты болуына байланысты Үкіметке арқа сүйей бермей, мына жүргузішілерге жақсы жағдай жасайық деп бірігіп, асармен осы жолға құм тастадық.