Астанада жаңадан құрылған ауданға «Нұра» атауы беріледі
Сондай-ақ бірқатар көшелерге көрнекті тұлғалардың есімін беру жайлы шешім де қабылданды. Қаланың сол жағалауындағы «Е-583» көшесіне ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріледі. Ал Мәншүік Мәметованың көшесі Қарамерген деп өзгертіліп, қазақтың қаһарман қызының есімі «Е-12» көшесіне беріледі. Сондай-ақ Әскер Нәбиев, Сырбай Мәуленов, Санжар Асфендияров, Бердібек Соқпақбаев, Сұлтан Бейбарыс сынды тұлғалардың атында да енді көшелер болады. Ал Әл-Фараби даңғылы сол жағалауға ауыстырылып, 23-ші және 16-шы көшенің қосылуымен Мағжан Жұмабаев көшесі ұзартылады.