Шымкентте айыппұл төлемеген автокөлік иелерінің берешегі 4,5 млрд теңгеден асты
Жол жүру ережесін елемегендердің көбі жылдамдықты асырған. Одан бөлек, бағдаршамның қызыл белгісінен өткендер мен көлік тізгіндеп отырып телефонмен сөйлескендер де бар. Сондай-ақ мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарып, өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Айыппұлды төлеуден жалтарған 1,5 мыңнан астам азаматтың автокөлігі айып тұрағына қойылды. Қарызды өндіру мақсатында арнайы рейдтік тексерістер жүргізіледі.
Ұлықбек Мылтықов, қалалық ПД жергілікті полиция басқарамасының бастығы:
-2022 жылдың 12 айының көлемінде жалпы көлік жүргізушілерімен жол ережесін бұзғандар саны 909 мың 534 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Былтырғымен салыстырып қарағанда 375 мыңға құқық бұзушылықтар көп.