Атырау облысына жұмыс істеу үшін 6 мыңнан астам шетелдік келеді
Қазір облыста 5 мыңға жуық шетел азаматы еңбек етіп жүр. Олардың дені мұнай-газ өндірісінде. Биыл аталған салаға қосымша 2000 шетелдік маман алынбақ. Сондай-ақ өңірдегі шаруа қожалықтарының тарапынан жұмыс күшіне деген сұраныс екі есеге артқан. «Себебі жергілікті халық егін егіп, шөп шабу секілді қара жұмысты істеуге құлықсыз», – дейді мамандар.
Мейрамбек Алдияров, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:
- Енді ауыл шаруашылығы маусымдық жұмыстары бізде климаттық жағдайға байланысты 15 ақпаннан басталып, 15 қарашаға дейін созылады. Сол егіндегі науқандық жұмыстарды бастау үшін біздер 800 квота бөліп отырмыз. Жергілікті тұрғындар бар, әрине! Бірақ көп емес. Соған да байланысты шетелдерден жұмысшы шақырамыз.